• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Желтоқсан, 2022

Қазақстан таэквондодан French Open турнирінде екі медаль еншіледі

286 рет
көрсетілді

Таэквондодан Қазақстан командасы Париждегі French Open рейтингтік турнирінде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық спортшылар тұғырдың үшінші сатысына екі рет көтерілді.

Әзірет Дүйсенбек (54 келіге дейін) пен Аманжол Бегімбетов (58 келіге дейін) «қола» медаль жеңіп алды.